Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері қайырымдылық акциясымен балалар үйінде болды

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері Наурыз мейрамына орай қайырымдылық акциясымен астанадағы «Балалар үйінде» болды,

Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері  қайырымдылық акциясымен балалар үйінде болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл үйде дүние есігін жана ашқан және 3 жасқа дейінгі сәбилер тұрады. Кеденшілердің жинаған қаржысына балаларға әртүрлі сыйлықтар мен тәтті тағамдар тарту етілді. Ал бүлдіршіндер болса өздері әзірлеген мерекелік концертті ұсынды.