Кедендік одақ аясында бірыңғай валюта енгізу мәселесі көтеріліп жатқан жоқ- Үкімет басшысы

АНА. 15 шілде. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Кедендік одақтың Қазақстанның экономикасына тигізер пайдасы мол. Бүгін бейне www.zakon.kz порталындағы он-лайн конференцияда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты.

Кедендік одақ аясында бірыңғай валюта енгізу мәселесі көтеріліп жатқан жоқ- Үкімет басшысы

«Сөз жоқ, Кедендік одақтың Қазақстанның экономикасына тигізер пайдасы мол. Мен оны тағы да қайталап айтамын. Шетелдік инвесторлардың қарқыны бәсеңдеген жоқ. Ендігі біздің негізгі қадамымыз, ол - Дүниежүзі сауда ұйымына кіру. Айта кетейін, бүгінгі таңда Кедендік одақ аясында бірыңғай валюта енгізу мәселесі көтеріліп жатқан жоқ», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.