12:47, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Кедендік одақ аясында тағы 14 техникалық регламент енгізіледі - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылы Кедендік одақ аясында тағы 14 техникалық регламент енгізіледі.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық акредиттеу орталығының бас директоры Тимур Нұрашев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, Кедендік одақ аясында осы күнге дейін 7 техникалық регламент күшіне енді. «Желтоқсан-ақпан айларында тағы жеті регламент, ал келесі жылдың шілде айында қосымша жеті техникалық регламент қолданысқа енгізіледі», - дейді Т.Нұрашев. Орталық басшысы атап көрсеткендей, алдағы уақытта «е-аккредитация» жүйесін енгізу көзделіп отыр. Ол арқылы аккредитацияға қатысушылар барлық тексеру жұмыстарын он-лайн бойынша көре алады.