Кедендік одақ елдері борышкерлердің бірыңғай базасын құра алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кедендік одақ елдері - Ресей, Беларусь және Қазақстанның Әділет министрліктері өз мемлекеттерінде қарыз төлеуден жалтарып жүрген тұлғалардың бірыңғай ақпараттық базасын құру мүмкіндігін қарастырып отыр, деп мәлімдеді сәрсенбі күні тілшілерге РФ Федерациялық кеңесінің спикері Валентина Мативиенко.

«Ресей, Беларусь және Қазақстанның әділет министрліктері борышкерлердің елден шығуына тосқауыл жасау мүмкіндігін алу үшін олар бойынша бірыңғай ақпараттық базаны құру мүмкіндігін талқылауда. Процесс басталды», - деді сенатор.

Ол Беларарусь пен Ресейде тек әкімшілік шекара бар екенін және кейбір азаматтар, соның ішінде алименттер төлеуден жалтарып жүргендер Ресейден осылайша кетіп, төлеуден қашып жүргенін айтты, деп жазады РИА Новости.

 «Алимент төлемей, одан кейін Багама аралдарына шығып жүргендер бар - біз оларға бұлай жасатпаймыз. Бірінші төлеңіздер», - деп атап өтті сенатор. 

Соңғы жаңалықтар
telegram