Кедендік одақ қазақстандық машина өндірісінің дамуына үлкен мүмкіндік береді- Ж. Айтжанова

қпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кедендік одақ қазақстандық машина өндірісінің кеңінен қанат жайып, дамуына үлкен мүмкіндік береді.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Кеден одағындағы салықты және кедендік әкімшілендіру туралы» тақырыпта өткен Үкімет сағатында ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеден одағы аясында автокөліктерге қатысты келіссөз ұзақ уақыт өрбіді. Бұл ретте тек қазақстандық тарап қана емес, бұған дейін салығы төмен болып келген Беларус та бажды көтертпеуге тырысып бақты. Жалпы айтқанда, бізде кедендік тариф енгенге дейін 10 пайыздық баж болған болса, сонымен бір мезгілде ресейлік бажбен салыстырғанда айырмашылық 20-25 пайызды құрайтын еді. Соның өзінде көліктерге қатысты соңғы бағаны салыстырып қарасақ, жаңа автокөліктер мен ұсталған автокөліктер арасындағы айырмашылық небәрі 5-7 пайызды құраған еді. Яғни, бұл баж тұтынушы үшін соншалықты сезілмейтін. Сонымен бірге, РФ үшін көліктерге 30-35 пайыздық баж салығын енгізу - бұл дағдарысқа қарсы шара болып табылады. Яғни, дағдарыс кезеңінде Ресейдің «Автопромы» басым сектор ретінде қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстанда да «Азия-авто» кәсіпорны қызмет ететіні белгілі. Сондықтан да, Ресейдің 19 кәсіпорны мен «Азия-авто» көліктері кедендік бажсыз-ақ бір-бірінің нарығына кіре алады», деді Ж. Айтжанова.

Оның айтуынша, бүгінгі күні ресейлік тараппен автокөліктерге қатысты келіссөздер жалғасып отыр. Ол бойынша, дағдарысқа дейінгі кедендік баж ставкасына сәйкестендіру туралы шаралар да қарастырылу үстінде. «Жалпы, Кедендік одақ қазақстандық машина өндірісінің кеңінен қанат жайып, дамуына үлкен мүмкіндік береді. Әрине, автокөліктер қазіргі күні ең «нәзік» мәселеге айналып отырғаны рас. Дегенмен де, Кедендік одақ аясында ұзақ мерзімді перспективада бұл саланың тиімділігінің артуына мүмкіндік баршылық. Ал бүгінгі күні орын алып отырған жағдайды уақытша қиындық кезеңі деп қарастырған орынды», деді Ж. Айтжанова.

Соңғы жаңалықтар
Референдум