Кедендік одаққа кіру қарсаңында Қазақстанның көлік құрастыру саласын дамытудың нақты бағыттары айқындалған - ҚР Көлік құрастырушылары одағы

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен кеңес барысында Көлік құрастырушылар одағының төрағасы Мейрам Пішімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында отандық көлік құрастыру саласының нақты бірнеше бағытын дамыту жоспарланған. Олар - мұнайгаз, көлік, тау-кен, металлургия және ауыл шаруашылығы саласындағы көлік құрастыру, сан-алуан құрал-жабдықтар мен қорғаныс өндірісі. «Бүгінгі таңда осы бағыттарға ерекше басымдық берілуде. Себебі, Кедендік одақ аясында осы салаларды көтеру арқылы өндіріс ошақтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге болады», деді М. Пішімбаев.
Одақ төрағасының сөзіне қарағанда отандық көлік құрастыру саласының негізгі бағыты теміржол болмақ. «Осы және жоғарыда аталған салаларға нақты мемлекеттік көмек көрсету қарастырылған», деп атап көрсетті М. Пішімбаев.