Кедендік одақтың құрылуы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар тартудағы маңызды факторлардың бірі - вице-премьер

әуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Вице-премьер-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің пікірінше, Кедендік одақтың құрылуы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар тартудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады,

Кедендік одақтың құрылуы Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар тартудағы маңызды факторлардың бірі - вице-премьер

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кедендік одақ жағдайында, жалпы дағдарыстан кейінгі даму жағдайында біріншіден - тікелей шетелдік инвестицияларды, екіншіден - «смарт-инвестицияны», яғни өзімен бірге неғұрлым озық технологияларды тартатын «ақылды» инвестицияларды барынша көп тарта алған ел ұтатын болады. Сондықтан да жаңа жүйе, яғни Кедендік одақ Қазақстанға неғұрлым жақсы инвесторларды тартуы тиіс. Бұл жүйе қазір жұмыс істей бастады. Ал, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қазір инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуде», деді Ә. Исекешев бүгін BNews.kz порталында өткен оnline-конференцияда.

Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының Италия, Франция, Қытай және Кореяға жасаған сапарларының қорытындысы бойынша жалпы құны 30 млрд. доллардан астам бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаластық жасалған. «Бұлар нақты жобалар», деді вице-премьер. Оның айтуынша, Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тартуға зор әлеуеті бар.