Кедендік рәсім барысында салықтан босатылатын жағдайлар айқындалады - Заң жобасы

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды,

Кедендік рәсім барысында салықтан босатылатын жағдайлар айқындалады - Заң жобасы

салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Аталған құжат тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну талап етілмейтін қосымша жағдайларды белгілеуді көздейді. Осыған орай, келісімнің 5-бабына кедендік транзит кезінде тараптардың кеден органдары кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді талап етпейтін тауарлардың тізбесін өзгерту және кеңейту бөлігіне өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, бұл бастапқы жайғасуға арналған тауарларды қоса алғанда дипломатиялық өкілдіктің персонал мүшелерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесі қызметкерлерінің және осы секілді бірқатар лауазымды тұлғалардың пайдалануына арналған тауарлар. Бұдан бөлек, бұл санатқа мәдени, ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалануға, спорттық жарыстарды немесе дайындықты өткізуге арналған, дүлей зілзаланың, апаттардың салдарын жоюға арналған тауарлар да жатады.