Кедендік статистика орталығының мәртебесі және сыртқы сауда статистикасы жөніндегі хаттамаларға қатысты екі заң жобасы мақұлданды

СТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында кеден статистикасына қатысты екі заң жобасы талқыға түсіп, толықтай мақұлданды,

Кедендік статистика орталығының мәртебесі және сыртқы сауда статистикасы жөніндегі хаттамаларға қатысты екі заң жобасы мақұлданды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттаманы ратификациялау туралы»және «Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары туралы Мәжілісте ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жасады.

Санкт-Петербор қаласында 2009 жылғы желтоқсанның 11-і күні өткен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық кеңесінің отырысы шеңберінде Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы хаттамаға және Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттамаға қол қойылғаны белгілі.

Бұл Хаттамалар орталыққа деректерді беруге жауапты Тараптардың уәкілетті органдары Кеден одағы комиссиясының Кедендік статистика орталығына кеден одағы тауарларының сыртқы сауда кедендік статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беруді жүзеге асыру негіздерін қарастырады. Сондай-ақ кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесін және функцияларын айқындайды. Хаттаманың 2-бабына сәйкес техникалық шарттар Тараптардың уәкілетті органдарымен келісім бойынша Кеден одағы комиссиясы әзірлейді және бекітіледі.

«Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері осы заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) және 5) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамаларында көзделгендегідей өзгеше ережені белгілетіндігін ескере отырып, көрсетілген халықаралық нормативтік құқықтық актілер ратификациялауға жатады»,- деді осы заң жобалары бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Уәлихан Қоңырбаев.