Кедендік тарифтер елімізге ескі көліктерді әкелуді шектеп отыр - Б. Жәмішев

қпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кедендік тарифтер елімізге ескі көліктерді әкелуді шектеп отыр.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмшев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Статистикаға сәйкес, былтыр елімізге қозғалтқыш қуаты 3 мың текше/сантиметрден асатын 649 дана автокөліктер әкелінген. Бұлардың барлығы дерлік жаңа автокөліктер. Ал 2010 жылғы қаңтар айы мен ақпанның 18 күнгі қолда бар мәліметтерге қарағанда, шетелден әкелінген осындай көліктер саны 458 дананы құрап отыр. Ал осы көліктер бойынша жалпы кедендік төлемдер құны былтырғы жылы көліктің жалпы құнының 22,2 пайызын құраған болса, биыл 24,5 пайызды құрады. Яғни, биыл бұндай жаңа автокөліктер 2,3 пайызға ғана қымбаттады десе болады», деді Б. Жәмішев.

Ал министрдің айтуынша, қозғалтқыш қуаты 3 мың текше/сантиметрден төмен болып табылатын алыс шетелден әкелінген автокөліктердің басым бөлігі ұсталған, ескі көліктерге жатады. Былтыр алыс шетелден бұндай автокөліктердің 8 мың 958 данасы әкелінсе, биылғы жыл басынан бері 97 дана ғана жеткізіліпті. «Яғни, статистика бойынша бірыңғай кеден тарифі ескі, ұсталған автокөліктерді елге әкелуге тыйым салумен бірдей әсер беріп отыр. Бұл - факт. Тағы бір мәселе, былтыр бұндай ескі көліктерге кедендік төлемдер үлесі жалпы құнның 17,2 пайызын құраса, биылғы ставкалар 35 пайызды құрады», деді министр.

Сонымен бірге, Б. Жәмішевтың мәліметтеріне қарағанда, былтырғы жылы Өзбекстаннан Қазақстанға бар-жоғы 7 автокөлік әкелінсе, биылғы жыл басынан бері олардың саны 334-ті құраған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум