Кеденшілер 2,0443 млн. АҚШ долларын тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пуэрто-Рико кеденшілері Доминикан Республикасына бағыт алған кемеден 2,0443 млн. АҚШ долларын тауып, қылмыстық іске қатысы бар адамдарды тұтқындады, деп хабарлады Russian.News.Cn.
Кедендегі жауапты қызметкерлердің айтуынша, ақша 22 пакетке салынып, судно бортындағы автомобильге жасырылған. Полиция бұл қаржы есірткі контрабандасына бағытталған деген күдікте.