Кеденшілер АҚШ-тан Алматыда тұратын бір азаматқа жіберілген жүктің ішінен рәсімделмеген қару-жарақ тауып алды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше «Достық» кеден бекетіндегі тексеру кезінде декларацияланбаған қару-жарақ табылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол АҚШ-тан Алматыда тұратын бір азаматтың атына жөнелтілген контейнердің ішінен шықты. Онда 4,5 және 5,5 милиметрлі екі пистолет, 5,6 калибрлі 3 603 патрон, калибрі 4,5 милиметрлік пневматикалық мылтық және оның 6 темір қалбырға салынған оқтары мен 160 дана газ баллондары табылды. Кедендік бақылаудан жасырған және кедендік декларациясы көрсетілмеген бұл жүк бойынша қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар