Кеденшілер бір азаматтың сөмкесінен 3,2 келі героин тапты
АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Орландо қаласының әуежайында кедендік бақылау қызметінің қызметкерлері 172 дана кәмпиттің ішінде тығылған 3 келіден артық героинді тәркіледі.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
Героин есірткісі Гватемаладан келген 45 жастағы Рафаэль Хименастың сөмкесін тінту барысында табылды. Оның сөмкесінен кәмпиттің ішіне жасырылып, әдемі қағазға оралған 3,2 келі героин тәркіленді.