Кеденшілер бюджетке 264 млрд. теңгеден астам кіріс әкелді

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Өткен үш айдың қорытындысы бойынша еліміздің кеден органдары бюджетке 264 млрд. 766 млн. теңге көлемінде кіріс әкелді.

Кеденшілер бюджетке 264 млрд. теңгеден астам кіріс әкелді

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті.

Оның хабарлауынша, бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға, яғни 2 млрд.-қа артық. Осы уақыт аралығында кеденшілер 144 қылмыстық және 3 мыңға таяу әкімшілік істерді қозғап, 365 млн. теңге өндіріп алды. Қылмыстық істер бойынша тәркіленген тауар мен контрабандалық валютаның жалпы сомасы 1 млрд. теңгені құрады. Заңсыз айналымнан 1 келі 673 грамм сан алуан есірткі заттары шығарылды.