Кеденшілер ерлі-зайыптылардан үшінші Рейх наградаларын тәркіледі (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Таганрог кеденінің "Куйбышево" өткізу бекетінде Украинаның Донецк облысында тұратын ерлі-зайыптылардан Пруссия қарулы күштерінің және Үшінші Рейхтің әскери наградалары мен айырым белгілері тәркіленді, деп хабарлады Оңтүстік кеден басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Раян Фарукшин.

Кеденшілер ерлі-зайыптылардан үшінші Рейх наградаларын тәркіледі (ФОТО)

Кеденшілер наградаларды әйелдің сөмкесінен тапты. Декларацияда ол бұл жүгін көрсетпеген. Барлық медальдар мен белгілер тәркіленіп, Дондағы Ростов қаласына мәдени-тарихи құндылығын анықтау үшін жіберілді.