00:22, 27 Тамыз 2020 | GMT +5
Кеденшілер тәркілеген 23 мың маска Алматы облысының әкімдігіне берілді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында заңсыз саудадан алынған медициналық заттар Денсаулық сақтау басқармасына берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына жалпы салмағы 109 келі болатын 23 560 дана медициналық маска, 24 дана дистанциялық термометр және 20 дана қорғаныш костюмі сынды жеке қорғаныш құралдары тапсырылды», - деді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен.
Мәлім етілгендей, департаменттің кеден қызметкерлері ҚХР-дан ЕАЭО аумағына заңсыз әкелінбек болған аталған медициналық құралдарды кедендік бақылау барысында анықтаған.