Кеденшілерден жасыру үшін су жаңа көлікті фольгаға орап тастаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанға кетіп бара жатқан транзиттік контейнерден кедендік құжаттарда көрсетілмеген көлік табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Кедендік тексеру барысында кедендік тексерудің техникалық құралдарының атқаратын қызметі өте зор. Осы орайда, инспекциялық тексеру кешенінде жұмыс істейтін кеден қызметкерлерінің біліктілігі мен өз қызметіне деген адалдығына да көп нәрсе байланысты екені жасырын емес. Жуырда «Алтынкөл» кеден бекетінің «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінің бас маманы О.Кеңесбаевтың қырағылығының нәтижесінде Оңтүстік Кореядан Қырғыз Республикасына транзитпен кетіп бара жатқан контейнер тоқтатылды. Себебі, инспекциялық кешенді тексеру сканері арқылы контейнер ішінде кедендік құжаттарда (инвойс) мәлімделмеген  заттар барлығы күдік тудырған»,- делінген ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпаратта. 

Осыдан кейін «Жібек жолы» жауапкершілігі жектеулі серіктестігінің уақытша сақтау қоймасында жүргізілген тиянақты тексеру нәтижесінде контейнер ішінен бұрын пайдалануда болған автокөліктің қосалқы бөлшектері мен 2014 жылы шығарылған «БМВ - 5281» маркалы жеңіл автокөлік табылған. Тауар жөнелтілушілердің әккілігі сонша, аталған автокөлікті сканерден жасыру мақсатында оны фольга қағазына мықтап орап, жан-жағына қосалқы бөлшектерді тастаған екен. Соған қарамастан әккілік әрекет қырағы кеденшінің назарынан тыс қалмады.

«Қазіргі уақытта ұсталған автокөліктің кедендік құнын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Егерде кедендік құнның мөлшері 5000 айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  234-бабының 1-бөлігі бойынша (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалады», - деп атап өтеді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар