Кедейлік деңгейі 1996 жылдан бастап 11,2 есе төмендеді - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кедейлік деңгейі 1996 жылдан бастап 11,2 есе төмендеді және 2013 жылғы III тоқсанда 3,1 пайызды құрады.

Кедейлік деңгейі 1996 жылдан бастап 11,2 есе төмендеді - ҚР Статистика агенттігі

«Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 1993 жылдағы 128 теңгеден (24 АҚШ доллары) 2013 жылғы қаңтар-қарашадағы 106 092 теңгеге дейін (698 АҚШ доллары) өсті (алдын ала деректер). Еліміздің 15 жас және одан үлкен экономикалық белсенді халықтың саны 1995 жылдан 1,6 млн. адамға артып, 2013 жылғы қарашадағы бағалау бойынша 9,1 млн. адамды құрады»,-делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.

Осы кезеңдегі жұмыссыздық деңгейі 2,1 есе дерлік төмендеді және 2013 жылғы қарашадағы бағалау бойынша экономикалық белсенді халықтың санынан 5,2 пайызды құрады.