Кедейліктің кесірінен түрлі індеттер мен басқа да қасіреттер тарап жатыр - Рим Папасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Рим Папасы Франциск кедейлік пен теңсіздікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барлығына, әсіресе, қамқорлықсыз қалғандар мен мүмкіндігі жоқ адамдарға жақын болайық. Қоғамның ең әлсіз және кедей топтарына, үнсіз азап шегіп жатқан жандарға назар аударайық», - деді Понтифик.
Рим Папасының айтуынша, кедейліктің кесірінен түрлі індеттер мен басқа да қасіреттер тарап жатыр.
«Қазіргі кезде ең үлкен сын-қатер факторы ретінде әлі де кедейлік болып тұр. Кедейлік пен жанжалдық салдары зорлық-зомбылық пен сараңдыққа әкеледі. Теңсіздік пен әділетсіздікке тосқауыл қоймасақ, COVID-тен де жаман вирустарды, яғни өшпенділікті, зорлық-зомбылықты, терроризмді тоқтату мүмкін емес. Бұл өз кезегінде бізді планетарлық ауқымдағы екінші проблемаға әкеледі, осы мәселе ерекше түрде діндарларға қатысты болып тұр», - деді Рим Папасы.
Осы орайда Понтифик дін көшбасшылары әлемде шешілмей жатқан қақтығыстарды доғару үшін сабырға шақырып, өз үлесін қосуы керек екенін айтты.