Кедейшілік сананы жаңғыртуға кедергі жасайды - Ерлан Сайыров
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамның өзі кедейшіліктен шығуға тырыспаса, сананы жаңғырту шаралары іске аспай қалады. Ал мемлекеттің шығындары артады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Принстон университетінің псиxологы Эльдар Шаффер өзінің "Дефицит" атты кітабында кедей адамдардың өз-өзіне көмектесе алмауының себебін дәл көрсетті. Негізі мәселе мынада, тұрмысы төмен адамдар "тонельдік" ойлаудың құрбанына айналады. Дәл осындай ойлаудың салдарынан өмірде батыл шешімдер қабылданбайды. Кедей адам ертеңгі нанын тауып, қысқа мерзімді жоспарын жасай алады. Сөйтіп, "күні өткеннің күні артық" деп жүреді. Алайда ұзақ мерзімді жоспарларды құра алмайды. Қосымша білім алуды, кәсіби біліктілігін ауыстыруды да ойламайды. Содан жаңа жұмысты да іздемейді. Осылайша, жан сақтаудың қамымен жүреді. Артынан несие алады да, өз жағдайын қиындатып жібереді", - деді саясаттанушы Сайыров бүгін сананы жаңғыру тақырыбына арналған Кәсіподақтар федерациясының республикалық форумында.
Оның айтуынша, бүгінде кез келген мемлекетте кедейшілікпен күрес шараларына қыруар қаржы кетеді. Мәселен, АҚШ-тың өзінде 2013 жылға дейін балалар арасындағы кедейшілікпен күрес шараларына 500 млрд доллардан астам ақша жұмсады. Алайда жүйелі жұмыстың арқасында аталған шығындарды үш есеге қысқартуға болатын еді.