«KEGOC» АҚ қаржыны шетелдік валютада алудан бас тартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «KEGOC» АҚ қаржыны шетелдік валютада алудан бас тартады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған компанияның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті.
None
None

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру үшін жеке қаржымызды пайдаланамыз. Сонымен қатар қаржыны шеттен алатын болсақ, оны тек теңге түрінде ғана тартамыз деп қарастырып отырмыз»,- деді Қажиев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде компанияның валюталық қарызы 580 млн. долларды құрап отыр.

«Бізде валюталық қарыз бар және валютаның инвертирін тек қарыздарды жабуға пайдаланудамыз. Бүгінде «КEGOC» АҚ-да шетелдік валютадағы займдары шамамен 580 млн. теңге көлемінде қалды. Сонымен бірге болып жатқан конверсия спекулятивті мәнге ие емес. Біз займдарды жабу үшін ғана қажетті валютаны конвентирден өткізудеміз», - деді ол.

Осы орайда «KEGOC» басшысы бүгінде компания жүргізіп жатқан қызметтердің барлығы үшін ақыны теңге түрінде алып жатқандығын нақтылап өтті.

Белгілі болғандай, өткен жылы компания 8,6 млрд. теңге көлемінде таза табысқа қол жеткізген екен.

Соңғы жаңалықтар