«KEGOC» АҚ-на айыппұл салынуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін «KEGOC» АҚ-на 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, «KEGOC» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды.
Нәтижесінде, «KEGOC» АҚ-на қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.
«Бұл ретте, әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, «KEGOC» АҚ-на 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынатынын атап өткен жөн»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Сенат депутаты KEGOC пен «Самұрық-Энергоны» министрлік қарамағына беруді ұсынғанын хабарлаған болатынбыз,