«KEGOC» АҚ-ның 2012 жылғы кірістері 71 млрд. теңгеден асты

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - «KEGOC» АҚ-ның 2012 жылғы кірістері 71 млрд. 647 млн. теңгені құрады.

«KEGOC» АҚ-ның 2012 жылғы кірістері 71 млрд. теңгеден асты

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев айтты.

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» («KEGOC») АҚ Қазақстан Республикасының біртұтас электр жүйесінің жүйелік операторы болып табылады. Оның негізгі қызметіне Қазақстанның ұлттық электр желісі бойынша электр қуатын тарату, электр қуатын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлеу, сонымен қатар электр қуатын өндіру-тұтынуды теңгеруді ұйымдастыру сияқты операциялар жатады», - деп атап өтті Ө. Шөкеев.

Оның айтуынша, компанияның жарғылық капиталы - 106,8 млрд. теңге. Алдын ала қаржылық көрсеткіштері бойынша 2012 жылғы кірістері 71 647 млн. теңгені құрады, ал таза табысы 6 941 млн. теңге.

Сондай-ақ қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ Қазақстанның Ұлттық электр желісін дамыту бойынша 97 млрд. теңге көлемінде жобаларды іске асыруда.