KEGOC» АҚ-ның қатарлас жұмыс істеу тәртібінің сақталуы жөніндегі талаптары «Өзбекэнерго» МАК тарапынан назардан тыс қалып келеді

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Қазақстан БЭЖ Ресей Федерациясы БЭЖ мен Орталық Азия ЭЖБ қатарлас жұмыс істеп келеді.
None
None

Ал Өзбекстан энергия жүйесінің тұрақсыз жұмысы және қуаттың жоспарсыз сұрыпталуы апатқа қарсы автоматикалардың іске қосылуына және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы тұтынушылардың ажыратылуына әкеп соқтырды. Осының салдарынан өткен күзгі-қысқы маусымдарда «Қазақстанның Солтүстік - Оңтүстік» тасымалында 4 мәрте ажырату орын алып, 1300 мәрте апатқа қарсы автоматика іске қосылды. Аталған жағдай Қазақтан БЭЖ-нің Ресей Федерациясы энергия жүйесімен қатарлас жұмыс істеу тәртібіне кері әсер етуде, деп хабарлады «KEGOC» АҚ баспасөз қызметінен.

Бұдан бөлек, осы уақытқа дейін келісім қатынастары және «Өзбекэнерго» МАК тарапынан ағымдағы жылдың басынан бастап алынған қызметтер мен электр энергия қарыздарын қайтару мәселелері реттелмеген. Сонымен, қуатты реттеу (ағымдағы жылдың басынан бастап 10 миллионнан артық АҚШ доллары сомасына жететін 2500 МВт көлемінде) келісіміне қол қойылмаған және осы жылдың қысқы маусымында Қазақстан БЭЖ-нен жоспардан тыс алынған 7 млн. АҚШ доллары сомасындағы энергия ақысы төленбеген.

«KEGOC» АҚ-ның қатарлас жұмыс істеу тәртібінің сақталуы жөніндегі бірнеше мәрте талаптары «Өзбекэнерго» МАК тарапынан назардан тыс қалып келеді. Алдағы күзгі-қысқы маусымдарының түсуіне байланысты өзбек энергия жүйесімен тұрақсыз жұмыс апаттардың туындау қаупін көбейтеді.

Тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Өзбекстан энергия жүйесімен жекелеген жұмыстарға өту және Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасының энергия жүйелерімен қатарлас жұмысының сақталуы жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Соңғы жаңалықтар