16:45, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
«KEGOC» акциялары «Халықтық IPO-ға» жылдың соңына дейін орналастырылады
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың соңына дейін «KEGOC» АҚ акциялары орналастырылатын болады. Бұл туралы www.halyk-ipo.kz порталына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Бәрі ойдағыдай жүріп жатыр, жоспарлар бекітілген, ешқандай да өзгерістер жоқ. «KEGOC» осы жылы орналастырылатын болады. Мен нақты қашан екенін айта алмаймын, алайда ол жыл соңына дейін болады», - деді ол бейсенбі, 23 мамырда, VI Астана экономикалық форумында.
Қ. Келімбетовтің айтуынша, «Халықтық IPO» тізіміндегі өзге мемлекеттік компаниялар да қор нарығына жоспарға сәйкес шығарылады.