KEGOC акциялары AIX-те саудалана бастады

KEGOC акциялары
Фото: aifc.kz/kz

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Қазақстандағы электр желілерін басқаратын «KEGOC» АҚ («KEGOC») компаниясының AIX ресми тізіміне енгенін хабарлады. Компания акциялары «KEGC» тикерімен саудаланады және теңгемен есеп айырылысады, деп хабарлайды Kazinform Астана халықаралық қаржы орталығының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, AIX алаңында SPO-ға Tabys қосымшасындағы тікелей жазылым функциясы мен жергілікті банктердің қосымшалары арқылы 2,2 млрд теңгеге өтінім түсті, бұл жалпы өтінімдердің 54% құрайды.

AIX басқарма төрағасы Әсел Мұқажанованың айтуынша, KEGOC - ішкі нарыққа арналған дивидендтік құнды қағаз. Қазақстандық инвесторлар арасында оған деген сұраныс өте жоғары. Себебі - инфрақұрылымдық компаниялар тұрақты, оларға сыртқы экономикалық факторлардың әсері шамалы. Қазақстан азаматтары үшін бұл SPO – ұлттық электр желілілері операторының акционері болуға таптырмас мүмкіндік.

«Біз жеке инвесторларға ұлттық компаниялардың жекешелендірілуіне қатысудың ең оңай тәсілін ұсындық, ол - Tabys қосымшасы және банктермен онлайн интеграция. SPO KEGOC кезінде жеке инвесторлардан 2,2 млрд теңгеге 11 мың өтінім келіп түсті».

Соңғы жаңалықтар