12:20, 02 Қаңтар 2010 | GMT +5
KEGOC БАҚ қызметкерлері арасында өткен байқаудың қорытындысын шығарды
АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат - «Ұлттық баспасөз клубы» «KEGOC электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында өткізген дәстүрлі шығармашылық байқауының қорытындысын жариялады.

2003 жылдан бастап тұрақты өтіп келе жатқан байқаудың мақсаты - электр-энергетикалық саланың даму мәселеріне БАҚ-тың көңіл аударуын ынталандыру және қолдау, сонымен қатар ағымдық және перспективалы инвестициялық жобалар туралы материалдардың сапасын жоғарлату.
Байқаудың тақырыбы мен талаптарына сәйкес жарияланған материалдардың өзектілігі және кәсібилігін есепке алған комиссия 2009 жылдың қорытындысы бойынша 10 аталымды анықтады.
Үздік танылған басылымдар мыналар:
- 1) «Ақпараттық найзағай» аталымы - «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінің редакциясы;
- 2) «Жылдың ақпараттық алаңы» аталымы - ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігі;
- 3) «Электр-энергетикалық саланың ақпараттық серіктесі» аталымы - «Казахстанская правда» республикалық газетінің ұжымы;
- 4) «Ең өзекті материалдар» аталымы - «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ;
- 5) «Жеделдігі үшін» аталымы - «Эра» телекомпаниясы» ЖШС 7-ші арнасының ақпараттық бағдарламалар дирекциясы;
- 6) «Нақты көзқарас» аталымы - «Бизнес и Власть» іскерлік басылымы;
- 7) «Үздік теледидарлық репортаж» аталымы - Роза Досымова, «Мир» МТРК қазақстандық филиалының тілшісі, Астана қ.;
- 8) «Теледидарда дағдарысқа қарсы жобаларды тарату» аталымы - «Век» продюсерлік орталығы, «Хабар» телеарнасындағы «Прорыв» бағдарламалар топтамасы үшін;
- 9) «Электр-энергетикалық саланың ақпараттық серіктесі» аталымы - «Қазақстан» ҰТК» АҚ;
- 10) «Нақты көзқарасы» аталымы - «Хабар» АҚ ақпараттық бағдарламалар дирекциясы және телеарна тілшісі Ирина Ли.
Әр аталым бойынша ақшалай сыйақы көлемі 100 000 (жүз мың) теңгені құрайды.