17:04, 07 Қараша 2013 | GMT +5
«KEGOC» биыл халықтық ІРО-ға шығып үлгермейді
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - «KEGOC» биыл халықтық ІРО-ға шығып үлгермейді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған компания басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев айтты.

«2013 жылдың көктемінде жасалған барлық қажетті құжаттарды өзектілендіру қажет. Қазақстан Президентінің бірнеше қаулысы мен Жарлығын қабылдау да керек. Сондықтан да менің ойымша, біз осы жылы үлгермейміз», - деді ол.
Оның атап өтуінше, компания ІРО үшін қажетті барлық корпоративті процедураларды жүргізіп, KEGOC-тың халықтық ІРО-ға шығуы үшін негізгі қорытынды құжаттарды әзірлеуге көмек беретін бірнеше консультант компанияларды жалдаған.
Сонымен қатар Б.Қажиев компанияның қай уақытта және қандай бағамен ІРО-ға шығатындығын дөп басып айта аламайтындын ескертіп қөтті.