«KEGOC» компаниясы SPO-ға шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру аясында 368 нысан бәсекелес ортаға берілді. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«KEGOC» компаниясы SPO-ға шығарылады
Фото: t.me/aqorda_resmi

«Сонымен қатар, Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру аясында 368 нысан бәсекелес ортаға берілді, 62-сі таратылу немесе қайта құру сатысында», - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, биыл тағы 106 нысан сатуға қойылады және «KEGOC» компаниясы SPO-ға шығарылады (акцияларды қайталама орналастыру).

Үкімет басшысы кәсіпкерлік саласында цифрландыруды енгізу қарқынды жалғасатынын айтты. Сонымен қатар, жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің жобаларын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.