KEGOC Конституция күні қарсаңында Астананың электрмен жабдықталу сенімділігін жақсартты

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - KEGOC Конституция күні қарсаңында Астананың электрмен жабдықталу сенімділігін жақсартты. Бұл ақпаратты аталған компанияның баспасөз қызметі таратып отыр.

KEGOC Конституция күні қарсаңында Астананың электрмен жабдықталу сенімділігін жақсартты

«KEGOC» Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ы ел басшылығының Астана қаласының трансформаторлық қуатын жаңарту жөніндегі тапсырмасын уақытынан бұрын орындады. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында қалалық орталық төмендету стансысына жүргізілген сынақ сәтті өтіп, АТ-250 МВа автотрансформаторы іске қосылды және АТ-125 МВа трансформаторы ауыстырылды.

Құрал-жабдықтардың алмастырылуы нәтижесінде 500 кВт қалалық орталық төмендету стансысының электрлық жүктемелік қуаты 250-ден 375 МВа-ға дейін артты. Бұл алдағы күзгі және қысқы маусымда елорданың сенімді энергиямен жабдықталуын қамтамасыз етеді.

KEGOC АҚ-ына сәйкес тапсырма ағымдағы жылы сәуірдің 2-інде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Астана қаласының алдағы дамуы жөніндегі сәулет-құрылыс кеңесі барысында берілген болатын.

Трансформатор қуатын жаңарту ҚР Үкіметінің және «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ-ның тікелей қолдауымен жүзеге асырылды.