KEGOC өкілі бірнеше өңірде электр тапшылығын туындатқан тұтынушыларды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі электр энергиясының тапшылығын авариялардың жиілеуі мен майнинг өндірісінің артуы туындатып отыр.

«KEGOC» компаниясының ұлттық диспетчерлік орталығының бас диспетчері Бекжан Мұқатов аталмыш мәселе бойынша өткен брифингіде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электр қуатының тапшылық белгілері майнинг пен электр станцияларындағы апаттардың жоғарылауынан туындап отыр.

«Майнинг электр қуатын тұтыну көлемінің күрт өсуіне айтарлықтай әсер ететін маңызды фактор болып тұр. 2011 жылы бұл саланың электр қуатын тұтыну үлесі шамамен 2% болса, 2020 жылы 7%-дан асқан. Яғни бірнеше есе ұлғайғанын байқаймыз. Әрине, біз қазіргі тапшылықты елдегі электр қуатын тұтыну құрылымында майнинг үлесінің ұлғаюымен байланыстырамыз. Тіпті бұл тапшылықтың негізгі факторы деуге болады. Оған қоса елдің электр станцияларында апаттар жиі болады. Осының бәрінің жиынтығында электр тапшылығының белгілері мен импорттау қажеттілігі туындап отыр», – деді Бекжан Мұқатов.

Сондай-ақ, бас диспетчер майнингтік компанияларды бақылау «KEGOC»АҚ құзыретіне жатпайтынын ескертті.


Соңғы жаңалықтар