KEGOK 2023 жылғы таза табысынан желіні жаңартуға ақша жұмсамайды

«KEGOK» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов кәсіпорынның 2023 жылғы таза табысы қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

KEGOK-тің  биылғы табысы қайда жұмсалады
Фото:anpz.kz

Кәсіпорын акцияларының SPO-ға шығарылуына байланысты өткен брифингіде акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Нәби Айтжанов 2023 жылы жылдық таза табыс 31,5 млрд теңге көлемінде болатынын мәлім етті.

Бірақ аталған қаражат компания балансындағы ескірген желілерді жөндеуге жұмсалмайды. Бұл жөнінде ол журналист сұрағына берген жауабында айтты.

«Компанияның таза табысы деп отырған 31,5 млрд теңге толығымен дивиденттерге төленеді. Ал желіні жаңғыртуға аммортизациялық төлемдер жұмсалады», - деді KEGOK басқарма төрағасы.