«Кек алушылар ІІ» фильмі қазақ тілінде жарыққа шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Кек алушылар ІІ" фильмі "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" ("Avengers: Age of Ultron" - "Мстители: Эра Альтрона") атауымен қазақ тілінде жарық көретін болды.

«Кек алушылар ІІ» фильмі қазақ тілінде жарыққа шығады

Дубляж режиссері - Тимур Балымбетов, бұған дейін ол "Галактика сақшылары" фильмін аударуға қатысқан болатын. Фильмдегі Скарлетт Йоханссонның кейіпкерін Мақпал Исабекова дыбыстады. Сондай-ақ дубляжға Жасұлан Байсалбеков (Альтрон), Бейбіт Қамаранов (Тор), Ержан Жарылқасынов (Темір адам), Ерғали Төлебаев (Капитан Америка), Бақытжан Жармұхамбетов (Қыранкөз), Самат Қордабаев (Халк) секілді актерлер қатысты. Дыбыстауға сонымен қатар Алматы облысындағы Бағанашылдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері атсалысқан.

"Кек алушылар: Альтрон дәуірі" қазақ тіліне аударылған жалпы 11-ші, ал биылғы жылдағы екінші Голливуд фильмі. Фантастикалық атыс-шабыс фильмі Қазақстан прокатына 2015 жылы 23-ші сәуірде шығады, деп хабарлайды kinostan.kz .