Кекшіл полиция офицерін қолға түсіру үшін Калифорния билігі миллион доллар тігіп отыр

muslim.kz сайтының жазуынша, полиция күдіктінінің қайда жасырынғанын жария еткен адамға 1 млн доллар сыйлық берілетінін мәлімдеді. Бұл қаражат штат тарихында ең үлкен сыйақы болып табылады.
Полиция бастығы Биг-Беар тауында болған іздестіру шарасының сәтсіз аяқталғанын жасырмады.
Калифорния, Невада, Аризона штаттарының полициялары өзін «полиция қатарынан заңсыз шығарды» деп, қоғамға майдан ашқан теңіз жаяу әскерінің запастағы сарбазын әлі іздестіріп жатыр. 40-тан астам Лос-Анджелес полиция қызметкерлері мен отбасыларының өміріне қауіп төнуіне байланысты оларға күзет қойылды.
Сан-Бернардино каунти елді мекеніндегі таулы аймақтарды сүзіп шығу үшін 200-ден аса адам іздеу шарасына тартылып, тікұшақ іске қосылды. Сондай-ақ, иісшіл иттерді де пайдаланып, із кесуде. «Біз әр қалтарыс-бұлтарысты қараймыз. Біздің техника адам тұрмақ, қоянның көжегіне дейін табуға көмектеседі. Алайда, әзірге нәтиже болмай тұр», - деді полиция өкілі.
Ақпанның 7-і күні Корона қаласында қылмыскердің қолынан бір полиция қызметкері қаза тауып, екі сақшы жарақат алды. Сонымен қатар, зейнетке шыққан бұрынғы полиция капитанының балаларына да жәбір көрсеткен.