Кельнде соғыстан қалған бомбаның кесірінен 6 мың адам эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Немістің Кельн қаласында сенбі күні Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомбаны зиянсыздандыру үшін 6 мың адамды эвакуациялауға тура келді. Бұл туралы қалалық билік хабарлады.

Кельнде соғыстан қалған бомбаның кесірінен 6 мың адам эвакуацияланды

«22 қарашада табылған Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомбаны зиянсыздандыру сенбі, 23 қарашаға ауыстырылды. Қаланың 6500 тұрғынын эвакуациялау шамамен сағат сегізде басталады»,-делінген ескертуде.

Бұған оның вокзалға жақын маңда табылуы, тап сол уақытта қауіпті жүк тиелген отыздан астам Deutsche Bahn вагонының тұрғаны себеп болған.