Келер жылы Ертіс-Баян өңірінде үш ауысымды мектептер болмайды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Қазіргі уақытта облыста 1 900 оқушы орны тапшы. Салынып жатқан мектептер мен қосымша ғимараттардан кейін бұл мәселе келер жылы толықтай шешіледі.

Келер жылы Ертіс-Баян өңірінде үш ауысымды мектептер болмайды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Биылғы оқу жылында өңірдегі оқу орындарының тапшылығы үш есеге азайған. Өткен оқу жылында 600-ден астам орын тапшы болса, қазіргі күні 1 900 орынға дейін төмендеген.

– Оқу орындары тапшылығын азайтуға «Достық» шағын ауданында ашылған жаңа мектеп те әсер етті. Қазіргі уақытта облыс орталығында 600 оқушыға арналған тағы бір жаңа мектеп салынып жатыр. Бұған қоса Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектепте 288 оқушыға арналған қосымша ғимарат тұрғызылуда. Сондай-ақ келер жылы Усолка шағын ауданында 1 200 оқушыға лайықталған тағы бір жаңа мектеп іске қосылуы керек, - дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгерім Әбенова.

Нәтижесінде аймақтағы үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешіледі деп күтіліп отыр.

Еске сала кетейік, Павлодарда 1 200 оқушыға арналған қазақ мектебі ашылды.