Келер жылы шетелден келетін дәрілердің бағасы төмендеуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Дәрі-дәрмек бағасының негіссіз өсуіне жол беретін шығындар анықталды.
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов дәрі-дәрмек бағасының незіссіз өсуіне жол бермеу үшін қандай шаралар қабалданғанын сұрады
Өз кезегінде А. Әлназарова бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
«Бағаны реттейтін нормативтік актілер бар. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары сарапталып, қайта қаралып жатыр. Оның ішінде дәрі-дәрмек бағасының негіссіз өсуіне жол беретін шығындар анықталды. Бұл тұрғыда маркетингтік шығындар 30 пайызға дейін, тағы 15 пайызы логистикаға қарастырылған. Осының барлығына оптимизиция жасау ескерілген. Қазір тиісті бұйырық жауапты мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр, жыл аяғына дейін оған қол қойылады деп ескерілген», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар ол 20 тамызда дженерик пен түпнұсқа дәрі-дәрмек арасындағы баға айырмашылығына қатысты тиісті тәртіп енгізілгенін, яғни дженерик елеулі түрде арзан болуы тиіс екенін айтты.
Бұдан бөлек, шетелден келетін дәрілік заттарға қатысты импорттың бағасын реттеу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттың жүйесін Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органындағы «Кеден» бағдарламасымен интеграция жұмыстары басталған.
«Келер жылдың басында осы интеграцияны толықтай аяқтасақ, импорттық өнімнің елімізге нақты қай бағамен кіріп жатқанын көре отырып, баға қалыптастыру жағдайына оң әсерін тигізеді», - деді ведомство басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс тәсілін өзгертіп, отандық өндірушілермен және шетелдік инвесторлармен өзара байланыстарды жандандыруы керек екенін тапсырды.