Келер жылы Алматы қаласының жаңа бас жоспары бекітіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспары Үкіметтің шешімімен 2023 жылдың I тоқсанында бекітіледі. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келер жылы Алматы қаласының жаңа бас жоспары бекітіледі
2040 жылға дейінгі бас жоспарды бекіту – қала аумақтарының әркелкі дамуын жоюға, әлеуметтік, инженерлік және көліктік қамтамасыз ету, инфрақұрылым мәселелерін шешуге, Алматы халқының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, -

деді Алматы әкімі.

Ол сондай-ақ, қала тұрғындарының жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету, қаланың полиорталық принципін дамыту үшін заманауи урбанистік шешімдер қолданылатынын, ол үшін мегаполисте негіз бар екенін атап өтті.