Келер жылы «Астана - Орал» және «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде - ККМ

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылы «Астана - Орал»  және  «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу  көзделуде.

Келер жылы «Астана - Орал»  және  «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу  көзделуде - ККМ

 Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таратқан ақпаратта айтылған.

«Тұрғындар тарапынан көптеген өтініштердің  түсуіне байланысты 2013 жылдан  бастап  «Астана - Орал»  және  «Павлодар - Қарағанды» бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу  көзделуде», - делінген ведомство ақпаратында.

Сонымен қатар ведомствоның атап өтуінше, биыл жолаушылар пойызы мен вокзалдарда  жолаушыларға  қызмет көрсетудің стандарттары  әзірленген. Ондағы мақсат - жолаушыларға қызмет көрсетудің бірыңғай әдісін енгізу және сапасын арттыру. Аталған стандарттар  қазір келісілуде және  2013 жылы бекітілетін болады.