Келер жылы Астанада 9 мектеп пен 8 балабақшаның құрылысы аяқталады

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада 2014 жылы 9 мектеп пен 8 балабақшаның құрылысы аяқталып, 4 мектеп пен 3 балабақша салына бастайды. Бұл туралы аstana.kz хабарлады.

Келер жылы Астанада 9 мектеп пен 8 балабақшаның құрылысы аяқталады

«Келер жылы Білім нысандарын дамыту үшін 9 мектептің құрылысын аяқтауға және 4 мектеп салуға қаржы бөлу көзделген. Сонымен қатар, 3 балабақшаның құрылысы жалғасады, тағы да 3 балабақшаны салу қолға алынады, 8 мектепке дейінгі нысан пайдалануға беріледі», - деп атап өтті қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов өз баяндамасында.

Алдағы жылы әрқайсысы 800 орындық құрылыс кәсібі мен байланыс және энергиямен қамту жөніндегі 2 кәсіби техникалық лицейдің құрылысы жалғасады.

Сондай-ақ, Ж.Нұрпейісовтың айтуынша, 2014 жылы Астана қаласының бастауыш сынып оқушыларының 50 мыңға жуығы тегін тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.