Келер жылы қазақстандық компаниялардың 77% штат санын көбейтпек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі жылы еліміздегі компаниялардың 77 пайызы қызметкерлердің штат санын арттыруға ниетті. Мұндай болжам HeadHunter платформасы жүргізген сауалнама нәтижесінде жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауалнамаға бөлшек сауда, құрылыс және жылжымайтын мүлік, білім беру, ақпараттық технологиялар және қаржы салаларында қызмет көрсететін 336 компания қатысқан.
Оның ішінде көбіне бөлшек сауда, медицина және фармацевтика, құрылыс және жылжымайтын мүлік бағытындағы кәсіпорындар штат санын ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Әсіресе, келер жылы сату (38%), өндіріс (15%) маркетинг (4%) бөлімдері қызметкерлерді қабылдауға ниетті.