Келес ауданында пластикалық оталар жасалуда

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Келес аудандық ауруханасында күйіктен кейінгі тыртықтарды қалпына келтіретін пластикалық оталар жасала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Соңғы бір жарым жылда күйіктен кейін және өзге де жарақат салдарынан пайда болған тыртықтарды қалыпқа келтіретін 7 ота жасадым. Бұрын біздің ауруханамызда мұндай мүмкіндік болмаған еді. Ота сапасы 100%-ға жақсы нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап, түрлі көлік апаттарынан жарақат алып, аяқ-қолы сынған науқастардың тірек-қимыл мүшелеріне кішкентай тілікпен арнайы пластикалық метал қою әдсін қолға алдық. Бұл тәсіл жара орнының тез арада бітіп кетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осындай оталардан кейін науқастарға гипс қойылмайды. Нәтижесінде емделушілердің буыны қозғалыста болып, келесі күні аяқ-қолдарын қимылдата алады», - дейді Келес аудандық ауруханасының хирург-травматолог дәрігері Ғалымжан Берданов.


Сондай-ақ, ол таяуда нейрохирургия бағытындағы оталарды да қолға алған. Бұрын жоғары қан қысымынан миына қан құйылған азаматтарға ота тек еліміздің ірі медициналық орталықтарында жасалып келген. Ал биылдан бастап жаңа технологиялардың көмегімен Келес аудандық ауруханасында нейрохирургия бағытында 4 ота жасалған.

Автор: Әлихан Асқарұлы




Соңғы жаңалықтар