Келесі жылдан бастап ҚХР-мен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу цифрлық форматта жүреді

АСТАНА. KAZINFORM — Келесі жылдан бастап Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу цифрлық форматта жүргізіледі. 

Марат Қарабаев
Фото: Көлік министрлігі

Құжатқа екі елдің бейінді министрліктері қол қойды.

Аталған жұмыстар бланкілердің жалпы санынан 60%-ын цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуде айтты.

«Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31%-дан (2021) 52%-ға (2023) дейін өсті», — деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсаттармен алмасуды жүзеге асыруда. Ағымдағы жылы рекордтық айырбас жасалды — 364 705 ШРБ, оның ішінде — 190 000 Қытай бланкілері.

Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Еліміздің көлік саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын тыңдады.