Келесі жылы Астана көшелеріне тағы 10 мың «Сергек» камерасы ілінеді - әкім

сергек
Фото: видеодан алынған кадр

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында елордалықтардың жүріп-тұру мәдениетін арттыру үшін бейнебақылау камераларының санын көбейтетінін айтты, деп хабарлайды Kazinform

«Вандализм, жастар тәрбиесі, қаланы күтіп ұстау мәселелерін өз жұмысымыздың негізгі бағытының бірі етіп алдық. Ол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Келесі жылы „Сергек“ камераларының санын тағы 10 мыңға көбейтуді жоспарлап отырмыз. Ол да үлкен көмек көрсетеді. Мектеп те, полиция да, арнайы инфрақұрылым да осы бағытқа басымдық береді. Жалпы халықпен сөйлесу керек. Біздің азаматтар оның бәрін түсінеді», — деді Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі LRT жобасының жоспарлаған мерзімде аяқталуы Үкіметтің бөлетін қаражатына байланысты екенін айтты.

«Алдағы екі жылдың ішінде құрылыс толығымен аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Оның бәрі қаражатқа байланысты. Үкімет қаражат жағынан көмегін беріп жатыр. Қала бұл мәселені жалғыз өзі көтере алмайды. Сондықтан қаражат жоспар бойынша берілсе, құрылыс 2 жылдың ішінде аяқталады», — деді елорда басшысы. 

Оның айтуынша, автобус тапшылығын азайту үшін жыл сайын 150 автобус сатып алып, ескілерін айналымнан шығару жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар