Келесі жылы Қостанай облысында 9 жаңа мектеп қолданысқа беріледі
2024 жылы Қостанай облысының Арқалық қаласында «Жайлы мектеп» стандартына сай мектеп қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Kazinform.
Әкімдік мәліметіне сүйенсек, 2025 жылға дейін өңірде 9 жаңа мектеп қолданысқа берілмек. Бұл білім ошақтарында жалпы жиыны 7 500 бала заманауи білім стандартына сай білім алады. Аталған 9 мектептің 8-і «Жайлы мектеп» жобасының аясында Қостанай, Арқалық қалаларында және Қостанай, Әулиекөл аудандарында бой көтермек. Дәл осындай стандартқа сай 1 200 орындық мектепті Рудный қаласында ERG компаниясы салуды жоспарлап отыр. Осының арқасында өңірдегі мектеп орындарының тапшылығы 12 мыңға дейін төмендемек.
Бүгінгі таңда өңірде жалпы сыйымдылығы 1 980 орын болатын 3 мектеп салынып жатыр. Олар да 2024 жылы іске қосылады. Оның екеуі Қостанай қаласының «Береке» және «Қонай» шағын аудандарында, Қостанай аудандарының Еңбек ауылында ашылады.