«Келешек» бағдарламасына барлық банк қатыса алады – Саясат Нұрбек

2024 йилда “Келешек” дастури ишга туширилади
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек көктемде «Келешек» бағдарламасына қатысты ақпараттық түсіндіруі іс-шараларының басталатынын айтты.

«Көктемнен бастап біз ақпараттық науқанды бастаймыз. Оның барысында 1 және 2, одан көп балаға қаржыны дұрыс жинақтау стратегиясын қалай таңдауға болатындығын нақты түсіндіреміз. Бағдарлама балаларға болашақта жоғары білім алуға кепілдік береді», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ведомство басшысы «Келешек» бағдарламасына барлық банктің қатыса алатынын айтты.

«Ұлттық банк айқындайтын қаржылық тұрақтылық бойынша қатаң талаптарға сай келетін барлық банктер қатысуға мүмкіндік алады», - деп толықтырды министр.

Еске сала кетсек, өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында 5 жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырған еді. 

Соңғы жаңалықтар