Келешек мектептері: Ақтауда 300 орындық білім ордасы ашылды

АҚТАУ. KAZINFORM — Бүгін Ақтау қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа заманауи мектеп пайдалануға берілді.

алғашқы қоңырау
Фото: Ақтау қаласы әкімдігі

Өмірзақ ауылының «Рауан» тұрғын массивінде бой көтерген № 26 жалпы білім беретін мектеп 300 оқушыға арналған. Бұл — ауылдық аймақтарда білім сапасын арттыруға бағытталған ұлттық жобаның нақты нәтижесі.

Келешек мектептері: Ақтауда 300 орындық білім ордасы ашылды
Фото: Ақтау қаласы әкімдігі

— Ауыл — қазақтың бесігі. Өздеріңізге мәлім, қазақтың талай мықты ғалымы, ақыны, жазушысы, басқа да сан саланың нағыз мықтылары ауылдық елді мекендерден шықты. Бұл мектепте оқушылардың мықты білім алуына барлық мүмкіндік мемлекет тарапынан жасалып отыр. Жаңа мектеп құтты, білім күні оң болғай, — деді Ақтау қаласы әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Келешек мектептері: Ақтауда 300 орындық білім ордасы ашылды
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Жаңа мектеп заман талаптарына сай оқу кабинеттерімен, спорт және шығармашылық залдарымен, сондай-ақ инклюзивті білім беруге арналған арнайы кабинеттермен толық жабдықталған.

Келешек мектептері: Ақтауда 300 орындық білім ордасы ашылды
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Бұған дейін елордада алғашқы қоңырау соғылғанын жазғанбыз.