Келешекте Ауғанстан Пәкістан мен Орталық Азия елдері арасындағы транзитті елге айнала алады
«Соңғы 40 жылда біз Ауғанстанды тек әскери тұрғыда, әскери күштер тұрғысында ғана қарастырып келдік. Алайда, Ауғанстан экономика тұрғысынан да қызықты. Бүгінгі таңда бұл ел барлық гуманитарлық ұйымдарды тартып отыр. Ал келешекте Ауғанстан Пәкістан мен Орталық Азия елдері арасындағы транзитті елге айнала алады», - деді Қ. Иманалиев.
Оның айтуынша, осыған ұқсас жобаға бүгінгі таңда Қырғызстан мен Тәжікстан атсалысып, қатысып жатыр. Оның айтуынша бұл Қырғызстан мен Тәжікстаннан Ауғанстан мен Пәкістан арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қайтарымсыз жоба болып табылады.
«Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі Ауғанстан гуманитарлық көмекті аса қажет етеді. Ол елде минералды кен орындары, сирек кездесетін металлдардың кендері бар. Алайда, бүгінгі таңда ол елде нақты түрде тек қытайлық компаниялар ғана жұмыс істеуде», - деді Қ. Иманалиев.