Келешекте Бұқтырма елдегі кез келген курорттан асып түседі – Даниал Ахметов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма жағалауын абаттандыруға баса көңіл бөлінеді. Бұл туралы аймақ әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері бұл салаға 5,4 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде 1,5 млрд теңгеге Қатон-Қарағай ауданының Өрелі ауылында 250 орындық туристік кешен салынды. Осылайша кішкентай ауылда үлкен тамаша қонақүй салынды», - деді Д. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, әкімнің айтуынша, 12 млрд теңгеге 36 жобаны жүзеге асыру, оның ішінде Бұқтырма су қоймасы жағалауында 12 демалыс базасын салу жұмыстары басталды.

«Біз Алакөл көлін дамытуға 17 млрд теңге жұмсадық, қазір бағытымызды өзгертіп, өзіміздің Бұқтырма жағалауын дамытуға ауысып жатырмыз. Бізге үш жыл уақыт керек, сонда бұл жағалау елдегі кез келген курорттық аймақпен бәсекеге түсе алады, тіпті асып та кетеміз. Бұлай сенімді айтуымның сыры неде? Тек қана біздің облыста марал мүйізімен емдеу үшін табиғи ресурс бар. Бұл біз дамытатын бағыттардың бірі болады, дамытуды бастап та кеттік», - деді ШҚО әкімі.

Бұған дейін Даниал Ахметов Қаңтар оқиғасы кезінде алаңда, халықтың арасында болғанын айтқан еді.



Фото: kazkurort.kz


Соңғы жаңалықтар