Келешекте елордада қанша жол айырығы салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат –«Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС қалалық көлік тобының бас маманы Ақмарал Темірова келешекте елордада қанша жол айырығы салынатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келешекте елордада қанша жол айырығы салынады

«Қазіргі уақытта магистралды көшелер мен жолдардың қиылысында 21 жол айырығы бар. Ұзақ мерзімді келешекте, яғни 2035, 2050 жылдарға қарай тағы 64 жаңа құрылыс салу жоспарланып отыр. Таяу уақытта шағын айналма жолдарда бірнеше жол айырығын салу көзделген. Олар – қазіргі уақытта құрылысы жүргізіліп жатқан жолдар», - деді ол «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының» жаңа жобасы бойынша қоғамдық талқылау аясында ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.


Оның нақтылай түсуінше, шағын айналма жол бірнеше көшеден тұрады.

«Шағы айналма жол Шабал Бейсековадан басталып, Ұлы дала көшесіне ұласады. Одан кейін қаланың оңтүстік-шығыс бөлігі арқылы Қошқарбаев көшесіне ұласып, өндірістік аймақ пен Әл-Фараби даңғылын қамтиды. Таяу уақытта темір жол өткелі ауданында, Мақтұмқұлы көшесі мен Бөгенбай даңғылында екі жол айрығын салу жоспарланып отыр. 2035 жылға қарай Кенесары көшесі бойында үш көпір салынады», - деді Ақмарал Темірова.